7.04.2025, 15:45
Оқылды: 80

БҚО-да жергілікті тұрғындарды бопсалаумен айналысқан ер адам ұсталды

БҚО полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері жергілікті тұрғындарды бопсалау арқылы ақша алған Орал қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

0d5527ae-3c76-4b2a-a46f-3ba7a03dcdb0

Сурет: Polisia.kz.

Күдікті әлеуметтік желіде әйелдің атын жамылып тіркеліп, жәбірленушілермен танысқаны анықталды. Кездесуге келгенде күдікті өзін құқық қорғау және арнайы органдар қызметкері ретінде таныстырып, олардың әрекеттері заңсыз екенін айтып, олардан ақша бопсалаған. Осылайша жәбірленушілер бопсалаушыға жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам қаражат берген. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бопсалау фактісі бойынша 3 эпизодты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

0b17d1ac-2fe7-4f90-a129-191c1f43427d

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале