5.11.2020, 15:16
Оқылды: 23

БҚО-да жол апаты 3 жасар баланың өмірін қиып кетті

Батыс Қазақстан облысында жол апаты жас баланың өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

65529B05-2F8C-4C5B-A3DF-6C422078752A

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 4 қараша күні сағат 15.50-де Чапаев-Жаңақала жолының 118-шақырымында Жолқұдық ауылының тұсында болған. 35 жастағы жүргізуші «ВАЗ-21010» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Соның салдарынан 65 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2108» автокөлігімен түйісуге жол берген. Қос жүргізуші мен «ВАЗ-21010» автокөлігінде отырған екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. Оған қоса «ВАЗ-21010» автокөлігінде болған 6 және 3 жасар балалар ауыр жарақат алды. 3 жасар бала алған жарақатынан Жаңақала аудандық ауруханасында көз жұмды. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале