10.04.2025, 14:30
Оқылды: 217

БҚО-да жол құрылысына қатысты жасалған 271 млн теңгелік жобалау-сметалық құжаттары қағаз жүзінде қалған

Бұл олқылықты БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері анықтап отыр.

жол+

-Жол құрылысына қатысты жасалатын жобалау-сметалық құжаттары уақытында жүзеге аспайды. Олардың көбінің уақыты өтіп кетіп, қағаз жүзінде қалады. БҚО бойынша 2019 жылдан бері 195 жобалау-сметалық құжаты жасалған. Осы жобаның 68-і іске аспаған, яғни бюджеттен 271 млн теңге қаржы бөлініп бірақ мақсатты жұмсалмай отыр, - деп атап өтті БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті кезекті сыртқы талдау барысында бұдан бөлек те олқылықтарды анықтаған. Талдау нәтижесінде жобалау-сметалық құжатарында көрсетілген бағалардың кейін өзгеріп, кей жобалардың қымбатқа шыққаны да анықталыпты. Сондай жобалардың бірі «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты бағытындағы жол бөлігіндегі жөндеу. Осы жолды жөндеу үшін жасалған жоба құны басында 17,7 млрд теңге деп белгіленген. Кейін оны 28,7 млрд теңгеге дейін өсіріп жіберген.
Мұндай кезде бюджет қаржысы текке шығындалады деп отыр мамандар.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жоғарыдағыдай олқылықтарға жол берілмес үшін тиісті мекемелерге нұсқаулық жіберген.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале