БҚО ІІД бөлініс басшыларының қатысуымен өтен брифингте БҚО ІІД ЖПҚ Табиғатты қорғау бөлімінің бастығы полиция майоры Еламан Валиев осылай деді.
-Бүгінде облыс аумағындағы киік саны 70 мыңнан асады. Соңғы кезде браконьерлік фактілер, оның ішінде даладан киік төшкелерінің табылуы жиіленіп кетті. Осыған байланысты ІІД бөліністерінен арнайы жедел-тергеу топтары құрылды. Сонымен қатар табиғатты қорғау органдары қатарынан құрылған штаб жұмыс атқаруда.
Жүргізілген рейдтердің барысында 3 заңсыз киік аулау фактісі анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазталов ауданында 150 дана киік мүйізін алып өтпекші болған 1 факт және Жаңақала ауданында қабанды заңсыз аулау дерегі анықталды. Айта кетейік, 2016 жылы заңсыз аң аулау бойынша 25 қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде 22-сі киік, 3-еуі басқа дала аңдарын заңсыз аулау бойынша тіркелген болатын.
БҚО ІІД баспасөз қызметі