15.11.2018, 13:02
Оқылды: 66

БҚО-дағы 50 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын көтермек

БҚО-дағы бизнес қауымдастық өкілдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға кірісті. Кәсіпорын басшылары Елбасы бастамасымен өз қызметкерлерінің ең төменгі жалақысын көтеруді қолдауда. Бұл жайлы олар облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаевпен кездескенде айтты.

stroika

30 өңдеу саласының кәсіпорны, ауыл шаруашылығы саласындағы 11 кәсіпорын, ТҮКШ және құрылыс саласындағы 10 мекеме қызметкерлерінің жалақысын көтеретіндерін хабарлады.

«Караванный путь» құрылыс компаниясының директоры Замир Ихсанов алғашқылардың бірі болып Елбасы бастамасын қолдағанын, жалақыны жоғарылатқанын айтты:

-Біздің компания Елбасы бастамасын толық қолдайды. Қызметкерлеріміздің әлеуметтік жағдайына ерекше назар аударуға тырысып келеміз. Ұжымның жалақысын 20 пайызға, ал жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын 35 пайызға өсірдік. Қазір кәсіпорындағы ең төменгі жалақы – 67 мың теңге,-дейді З.Ихсанов.

«Уральскагрореммаш» АҚ да қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлаған. Аталған зауыт Алпыс жылдай уақыт бойы Қазақстан мен көршілес елдердің нарығын арнайы техникамен, соның ішінде тіркемелермен, суару, коммуналдық, өрт сөндіру техникаларымен қамтып келе жатқан осы саладағы ірі кәсіпорын саналады.

-Біз де Елбасының қызметкерлерді лайықты еңбекақымен қамту бастамасын қолдаймыз. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің кәсіпорында ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден асады, - дейді компания директоры Армат Дүйсенов.

«ПОШ Руно» ЖШС директоры Ерлан Ильясов жалақысы төмен 50 жұмысшының жалақысын көтеруді жоспарлағанын айтты. Жаңа жылдан кейін олардың жалақысы 92 мың теңге болады деп сендіреді кәсіпорын басшысы.

mebel posh

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале