Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің өкілдері Оралдағы Қазақстан Респубилкасы Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесті.
Жас сарбаздармен ұйымдастырылған кездесудің негізгі мақсаты, жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыру.
Кездесу аясында аналар кеңесінің өкілдері әскери бөлімнің өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен, казармалар және сарбаздар тамақтанатын асханамен танысып, мәліметтер алды.
Сонымен қатар аналар кеңесінің өкілдері жас сарбаздарға «Патриоттық рух - қоғамның басты құндылығы» тақырыбында мәлімет берді.
Іс-шара соныңда аналар кеңесінің өкілдері жас сарбаздар мен әскери бөлім қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі