Мемлекет басшысының халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары ел өңірлерінде жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы су құбыры тартылған Батыс Қазақстан облысындағы шалғай ауылдардың тұрғындары тұрмысы айтарлықтай жақсарып қалғанын айтады.

«Тұрғындарға осындай керемет жағдай жасап берген азаматтарға алғыс айтқым келеді. Дені сау болсын, ұзақ ғұмырлы болсын. Халық болып “Ақбұлақ” бағдарламасының игілігін көріп жатырмыз. Ыстық суы, салқын суы, бәрі де келіп тұр. Бұрын иін ағашпен тасушы едік. Қазір рахатын көрудеміз, жұмысымыз жеңілдеді», — деді зейнеткер Нұрсұлу Қаресова.
Зейнеткер Айсұлу Опиева да қуанышын жасыра алмады:
«Ауылымызға “Ақбұлақ” бағдарламасы бойынша су кіріп, қуанышымызда шек жоқ. Бұрын шелекпен су тасып, әркімнің жеке құдығынан су алушы едік. Қазір үйден су ішіп, қажетімізге пайдаланып, рахатын көрудеміз», — деді ол.
Дереккзөз: @KZgovernment