1.02.2019, 11:20
Оқылды: 25

БҚО-дағы экологиялық ахуал қалыпты

Облыстағы атмосфералық ауаға шығатын зиянды заттардың құрамы – 63 мың тонна. Көршілес облыстармен салыстырып қарасақ, Атырау облысында зиянды заттардың құрамы 180 мың, Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 185 мың тоннаны құрап отыр. Жалпы облыстағы экологиялық ахуал бір қалыпты.

kuanov

         Жоғарыда аталған 63 мың тонна зиянды заттың 40 мың тоннасы облысымызда орналасқан 61 табиғат пайдаланушылардың шаруашылығынан шығатын заттар. Қалғаны 2-4 санаттағы табиғат пайдаланушылардың қалдық заттары болып есептеледі. Ал ағынды сулармен 46,2 мың тонна зиянды зат қоршаған ортаға тараған. Бұл республикалық көрсеткішпен салыстырғанда, 1,1 млн тоннаны құрайды. Былтыр облыста орналастырылған 138 мың өндіріс және тұтыну қалдықтарының 108 мың тоннасы тұтыну қалдықтары болып отыр. Яғни тұрғындардың тұтынуынан шығарылған қалдықтыр. Күні бүгін тұтыну қалдықтарының 3,4 пайызы кәдеге жаратылған.

         - Биыл Орал қаласында тұтыну полигонында қалдықтарды сұрыптайтын кешенді іске қосу жоспарлануда. Ол іске қосылған жағдайда, 2020 жылы тұтыну қалдықтарының кәдеге жаратылу пайызы 7,8 пайызға көбейеді деп есептеп отырмыз. 2025 жылы бұл көрсеткіш 18 пайыз болса, Төгінділер бойынша жиналған 46,2 тонна зиянды заттың 90 пайыздан астамы «Қарашығанақ» мұнай-газ компаниясына «тиесілі». Мұндай экологиялық мәселе бары рас. Экологиялық сараптама өткізу кезінде бұл мәселені компания басшылығының алдына ашық және өткір қойып отырмыз. Ал өндіріс саласына қатысты қалдықтар бойынша мәселе жоқ, - деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов.

Ясипа Рабаева

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале