Бүгін онлайн брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов өңірдегі медициналық мекемелердегі жағдайды айтып өтті.
-Стационарлардағы жұмысқа 110 дәрігер тартылды. 221 орташа білікті медқызметкер, 187 кіші қызметкер еңбек етуде. Сондай-ақ медициналық колледждердің волонтерлары көмектесуде. Төрт ауысымда жасайтын 20 жедел жәрдем бригадасы қатарға қосылды. Олар ауру белгісі бар адамдарды провизорлық, каратиндік стационарға, жұқпалы аурулар емханасына жеткізеді. Керек жабдықтармен бәрі қамтылды. Науқас белгісі бар және науқаспен қарым-қатынасы болған тұлғаларды емханаға жеткізуде ішкі істер органдарымен бірлескен жұмыс алгоритмі бар.
Медициналық мекемелер Vela жабдығымен толық қамтылды. 134 дана жабдықтың 109-ы стационарларда. Стационарларда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі жоқ. Қызметкерлері талапқа сай қорғаныш костюмдерімен жұмыс жасауда.
Медицина қызметкерлерінің негізгі жалақысына Үкімет жарлығына сәйкес ақы қосылады. Медқызметкерлердің жұмысы вирус жұқтыру қауіптілігіне байланысты үш деңгейге бөлінген, ақы да соған сай төленеді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Каюпов.
zhaikpress.kz