5.04.2024, 15:45
Оқылды: 57

БҚО-дағы су басқан елді мекендерде азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткілікті

Дәл қазір облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмухамбетов БҚО төтенше жағдайлар департаментінде өңіріміздегі су тасқынының жағдайын баяндап жатыр.

IMG-20240405-WA0135

Қалияр Айтмухамбетовтың хабарлауынша, биыл 26 наурызда басталған су тасқыны салдарынан, алдын ала болжам бойынша 6 ауданда және Орал қаласында 552 тұрғын үйді су басу фактісі анықталған. Одан бөлек 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында қала маңындағы 427 саяжайды су басып, 398 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Теректі ауданындағы «Ұзынкөл» су қоймасы шектен аса толып, 5 елді мекенді су басу қаупі туындаған. Қазіргі уақытта бұл аймақтардан 4 615 тұрғын эвакуацияланды. Атап айтар болсақ, Кемерден 460 адам, Жаңа Өмірден 3 732 адам, Барбастаудан 795 адам, Юбилейноедан 449 адам, Ұзынкөлден 860 адам көшірілген.

Жалпы есепен аталған үйлерден және қауіп төнген аудандардан 6868 адам қауіпсіз жерге көшірілген болса, оның 3579 бала.

Олар - : Орал – 570, Тасқала – 29, Теректі – 2573, Сырым – 1682, Қаратөбе – 1590, Бөрлі - 374, Бәйтерек – 50 адам.

Бүгінгі күні кең көлемдегі су мөлшерін өткізу барысында аталған елді мекендерді су баспаған. Су қоймасының деңгейінің төмендеуі байқалады.

Қауіпті аудандардан эвакуацияланған тұрғындар үшін эвакуациялық пункттерде қажетті барлық жағдай жасалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 2500-ден астам волонтерлар көмек көрсетіп жатыр. Осы уақытқа дейін 158 млн. теңге қаржыға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жеткізілген. Эвакуациялық пункттерде кезекшілік ұйымдастырылған.

Су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың оқушы балалары үшін оқу процестері онлайн форматқа ауыстырылған.

Осы аптадан бастап өңірдегі 10 мектепте 3 722 оқушы онлайн форматта білім алып жатыр.

Жалпы су тасқыны басталған уақыттан бері эвакопункттарда – 3 684 адам орналастырылып, 2 633 адам мекенжайларына қайтып, бүгінгі күнге қалып отырған адамдардың саны – 1 051 адам.

Олар - Орал қаласы – 440 адам, Теректі ауданы – 274 адам, Қаратөбе ауданы – 181 адам, Бөрлі ауданы – 96 адам, Сырым ауданы – 33 адам, Бәйтерек ауданы – 27 адам.

Бүгінгі күнге 24 елді мекеннің аумағындағы 63 автомобиль жолдары учаскесін су басқан, 60 жолды су шайып кеткен. Елді мекендермен қатынас орнату мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде, қатынассыз қалып отырған аудандық маңызы бар 3 жол, 10 елді-мекен бар.

Олар - Қаратөбе ауданы, Жымпиты-Қаратөбе 102 км (Алакөл, Сауле, Кішікөзкөл, Қарақамыс, Қосбаз, Аққозы, Қоржын, Ақтайсай ауылдары), Теректі ауданы (Дуана ауылы), Шыңғырлау ауданы (Ақтау ауылы). Осы елді мекендерде азық-түлік дүкендерінде 2 апта мерзімге азық-түлік қоры алдын ала ұйымдастырылған.

Қазіргі кезде аталған елді мекендерде азық-түлік және дәрі-дәрмек жеткілікті. Электр жарығы, ауыз су, ұялы байланыс қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале