12.09.2023, 16:00
Оқылды: 42

БҚО-дағы үш ауданға жаңа әкім сайланады

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 6ы сессиясы өтті. Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысумен өткен жиында аудандар, облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жөніндегі пилоттық аймақтардың тізімі жарияланып, әкімдер сайлауының жоспарланған күні бекітілді.

ЖП Әкімат

Сондай-ақ «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының тексеру комиссиясы мүшелері тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру және мемлекеттік биліктің негізгі институттарын түбегейлі жаңарту, жергілікті жерлердегі басқару орындарын қалыптастырудың жаңа кезеңі келгенін айтқан өңір басшысы биылдан бастап, аудан әкімдерін сайлау ісі пилоттық жобада енгізілетінін атап өтті.

Жиын барысында облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Мұқаев депутаттардың  ұсынысы бойынша Тасқала, Бөкей Орда және Қаратөбе аудандары әкімдерінің сайлауын өткізу туралы ұсыныс тастап, ол қолдау тапты.

Аталған аудан әкімдерін сайлау күні қарашаның 5-не белгіленді.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале