12.06.2023, 16:45
Оқылды: 56

БҚО-дағы жол мәселесі. "ҚазАвтоЖол" басшысы Мейірхат Қасымбаев: "Үнемі жол басына барып, құрылыс барысын жеке тексеріп отырамын"

"ҚазАвтоЖол" басшысы Мейірхат Қасымбаев Instagram-дағы ресми парақшасында Батыс Қазақстан өңіріндегі күрделі жөндеу өтіп жатқан "Қазталов - Жәнібек - РФ шекарасы" және "Өнеге - Бисен-Сайхын" республикалық тасжолдары туралы мәлім етті.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның telegram каналында хабарланды.

6da23c80-1c49-44f5-8773-779ee8ddb527

- Бүгінде құрылыс жұмыстарымен қамтылған жол учаскелерінде қайнаған қызу еңбек жүріп жатыр.
Бұл уақытты барынша тиімді пайдаланып, еңбектенуіміз қажет. Күн сайын мамандар орта есеппен алғанда құрылыс-монтаждау жұмыстарымен қамтылған учаскелерге шамамен 20 мың тонна асфальт төсейді. Биыл шамамен 150 учаске құрылыс жұмыстарымен қамтылды.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым аясында жалпы ұзындығы 245 шақырымды құрайтын “Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы” және “Өнеге-Бисен-Сайхын” автожолдарында атқарылып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын кезекті рет тексердім. Биылғы мақсат — қозғалыс ашу.

e228d3bd-e0d0-4ab1-8c43-53146f310c2f

Алдымызға қойған мақсатты сәтті жүзеге асыру үшін былтырғы жылдың қараша айынан бастап құрылысқа қажет инертті материалдарды, оның ішінде қиыршық тасты, битумды, темірбетон бұйымдарын, құм-қиыршық тас қоспасын, цементті және т.б. дайындауды үздіксіз жүргіздік. Қаражат мәселесі де толық шешімін тапты. Күрделі жөндеу жұмыстарына 800 маман мен 500 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

f39fb0be-c04b-4ce8-816e-3f394c0f4a3f

Бүгінгі таңда көпірлер мен мал айдау өткелдерінің құрылысы 90% - ға аяқталды. 150 шақырым жаңа асфальт төселді.

Жол салу — үлкен өндірістік процесс. Бұл жұмыс жауапкершілікті талап етеді. Үнемі жол басына барып, құрылыс барысын жеке тексеріп отырамын, - деліген Instagram-дағы жазбада.

Фото Мейірхат Қасымбаев

Instagram-дағы парақшасынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале