Әсия Рахымқызы Аманбаева БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Осыған орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жаңа басшыны ұжымға таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Әсия Аманбаева - Батыс Қазақстан облысынан түлеп ұшқан спорт мамандарының бірі. Әуелі Оралда спорт саласында еңбек етіп, Астана қаласына қоныс аударғаннан кейін ҚР Туризм және спорт, Мәдениет және спорт министрліктерінде жауапты қызметтер атқарды. Сонымен қатар ол - Азияда әйелдер арасында 2008 жылы бокстан тұңғыш халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі атанғандардың бірі.
Еске сала кетейік, басқарманың бұрынғы басшысы Тимур Шаяхметов өткен жылғы 14 желтоқсан күні пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.
Елжан Ералы