Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің келісіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына Болатбек Амангелдіұлы Каюпов тағайындалды.
Болатбек Амангелдіұлы Каюпов – 1969 жылы туған. Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Ақтөбе қалалық ауруханасының реанимациялық бөлімшенің мейіргері, Орал облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-травмотолог, дәрігер-хирург, «Талап» АҚ дәрігер-хирург, Батыс Қазақстан облысының онкологиялық диспансері хирургия бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициалық орталық» АҚ қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының бас ғылыми қызметкері, Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициалық орталық» АҚ жасушалық технологиялар және трансплантация орталығының басшысы, Алматы қаласындағы Ішкі аурулар кардиологиясы ғылыми-зерттеу институтының дәрілік препараттарды клиникалық зерттеу инновациялық орталығының басшысы, 2018 жылдың мамыр айынан бастап Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры қызметін атқарды.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер