11.09.2023, 16:45
Оқылды: 60

БҚО Дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы басшысы лауазымына Талғат Рақымұлы Нығметов тағайындалды.

A7985746-9B82-4C2F-BBF3-0DD60E454F9A

Талғат Рақымұлы Нығметов 1961 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет институтын «Мәдени-ағарту жұмысы» және М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1978 жылы Орал облысы Фурманов аудандық халық театрының суретшісі болып бастады.

Әр жылдары: Фурманов аудандық мәдениет үйінің әдіскер, «Орал» шипажайының мәдени-ағарту қызметкері, «Уральскпромстрой» тресі комсомол комитетінің хатшысы, Бөрлі аудандық әкімшілігінің жастар спорт және туризм жөніндегі комитетінің төрағасы, Бөрлі аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары, «ЖаңаӘлемҚұрылыс» ЖШС директорының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімі бас инспекторы, Орал қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Діни істер комитетінің Батыс Қазақстан облысы діни істер департаментінің директоры, Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы болды.

Тағайындауға дейін дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале