Биыл Қазақстан футболына 110 жыл толды. Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен БҚО футбол қауымдастығы жыл бойы футзалдан әуесқой командалар арасында қалалық ашық біріншілік ұйымдастырды. Бұл туралы Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Біріншілік қорытындысында «Үздік қақпашы» аталымын Фархат Жолбаев («Fusion» командасы), «Үздік қорғаушы» аталымын Максим Литвинов («Fusion» командасы), «Үздік жартылай қорғаушы» аталымын Қайрат Ходжантаев («Желаев Нан» командасы), «Үздік шабуылшы» аталымын Чингиз Кубашев («Ақжайық 2005/2006»), «Үздік мерген» аталымын Миралы Галиев («Желаев Нан» командасы) иеленді.
16 әуесқой команда арасындағы ала доп шеберлерінің арасынан жалпы командалық есеп қорытындысы бойынша, І орынды «Fusion» командасы, ІІ орынды «Желаев Нан» командасы, ІІІ орынды «Ақжайық 2005/2006» командасы қанжығалады.
Жалпы жыл бойына жоспарланған жобаларды толығымен игерген БҚО футбол қауымдастығы бірлесе жұмыс жасаған бірқатар мекеме ұйымдары мен футбол командаларына алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі футбол жарысы кезінде ойын алаңымен қолдау көрсеткені үшін «Ақжайық» ФК әкімшілігі мен директоры Манарбек Ержановқа алғысын білдірді.
zhaikpress.kz