6.08.2024, 13:00
Оқылды: 179

БҚО-ға АҚШ елшілігінің өкілдері келді

Өңірдегі іргелі білім ордасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтына Қазақстандағы Америка Елшілігінің өкілдері келді. Елшіліктің баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің маманы Сара Смит, Қазақстан бойынша Америка бұрыштарының координаторы Жанар Құлжаева, сондай-ақ Оралдағы Америка бұрышының координаторы Дина Қалмурзина университет басшылығымен, профессор-оқытушылар құрамымен және қаламыздағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен келісті келіссөз жүргізді. Бұл туралы БҚИТУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.

FEBD3B9A-24AA-4F7A-814E-58333ED7FDF0

Университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры С.А. Машанова мен ғылыми жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры І.Н. Жұбантаев аталмыш кездесудің екіжақты тиімді әріптестік орнатудағы маңызы зор екенін атап өтті.

– Біз екіжақты тиімді болатын барлық бағытта ынтымақтастықты арттыруға мүдделіміз. Тіл тасымалдаушылар біздің университетке келіп, "Аударма ісі", "Шет тілі: екі шет тілі" мамандықтары бойынша білім алушы студенттер мен магистранттарға ана тілінде қонақ дәрістерін өткізуге уақыт бөлсе деген бұйымтайымыз бар. Біз сондай-ақ ғалымдарымыздың Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын халықаралық ғылыми жобаларға қатысуына мүдделіміз-деді мәртебелі меймандарды білім ордасының негізгі жұмыс бағытымен таныстырған І.Н. Жұбантаев.

0257C0BB-D6D4-48E5-A127-BF0B9E7FDD03

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Матжанова Г.Ж. кафедра және «ТЕО» Батыс Қазақстан облысы ағылшын тілі мұғалімдері қоғамдық бірлестігінің бірлескен жобалары туралы баяндаса, PhD Тихонюк Е.В. Фулбрайт бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқыған тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде, мәдени-ағарту саласының маманы Сара Смит елшіліктің қазіргі бағдарламалары, елшілік қызметінің мерзімді басымдықтары туралы ақпаратпен бөлісті.

Сондай-ақ, елшіліктің Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы серіктестікті дамыту бағдарламаларын жүзеге асыратыны туралы әңгімелеп өтті. Бағдарламалар университеттің әкімшілік және профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми және кәсіби әлеуетін арттыруға, университет бағдарламаларын жетілдіруге және жаңартуға, студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын ынталандыруға бағытталғанын жеткізді.

Дина Қалмурзина кафедра студенттерінің Америка бұрышына белсенді қатысатынын ерекше атап өтіп, бұл болашақта еріктілер қызметінің дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Жемісті өткен кездесуде тараптар ортақ жобаларды жүзеге асыру үшін әріптестік орнатуға уағдаласып тарқасты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале