15.11.2024, 16:24
Оқылды: 96

БҚО-ға Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық топ өкілдері келді

Ағымдағы жылдың 11-15 қараша аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің жанынан құрылған дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі және Қаратөбе аудандарында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

релегия

Шараларға С.Жидебаев, К.Тышхан, Р.Қалмазұлы және Н.Разақов сынды танымал теолог, дінтанушы, психолог мамандар қатысты.

релегия1
Кездесулер барысында ауыл тұрғындары, оқушылар, студенттер, мәдениет қызметкерлері, NEET санатындағы жастар, еңбек мигранттары, қандастар, этнос өкілдері, мешіт жамағаты және т.б. мақсатты топтар қамтылып, «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Дін мен мемлекет қатынастары және ҚР-ның дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік», «Діни экстремизм мен терроризм көріністері және оның алдын алу», «Діни және ұлттық бірегейлік», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

БҚО Дін істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале