Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келді. Министр дәл қазір "Атамекен" өнер ордасында жергілікті халықпен кездесуде.
Ел алдына шыққан министр:
"Полиция жұмысын халыққа жақындататын уақыт келді. Біз жұмысты қағаз жүзінде жасап қана қоймай, іске асыруымыз қажет. Полицияға халық сенуі керек. Реформаларымыз қағаз күйінде қалмауы тиіс. Біз жаңа заман талабына ілесе алмасақ, халық бізге сенбесе жұмысымыз текке кетеді", - деп бастады сөзін.
Кездесу барысында халық министрге өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жауаптарын ала алады.
Полиция департаменті мамандарының айтуынша, кездесуден кейін министр журналистермен брифинг өткізеді.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz