Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Амантайқызы Шаимова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.
А.Шаимова сапары барысында облыс әкімі А.Көлгіновпен кездесті. Кездесу кезінде бүгінгі күнгі мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен бюджеттік қаражаттан қаржыландырылатын ведомствалық мекемелердегі бизнес-процестерді оңтайландыру мәселелері талқыланды.
Агенттіктің аумақтық департамент ұжымымен кездесу барысында А.Шаимова әлемдік трендтердің арнасында Қазақстанның мемлекеттік аппаратын одан әрі жетілдіруде Агенттік қызметінің басымдықтарын белгілеп берді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің артықшылықтарын толықтай түсіндіріп өтті.
Жұмыс өтіліне және атқарып отырған лауазымының категориясына байланысты қазіргі қолданыстағы жүйедегі ақы төлеудің ерекшелігі туралы бандады. Жаңа жүйе факторлы-баллдық шкала негізінде тіркеулі бөлігінен және ауыспалы бөлігі бонустардан тұрады. Әрбір лауазым және олардың деңгейлері, қажетті біліміне, қабылданатын шешімдеріне жауапкершілік дәрежесіне және түпкілікті қорытындысымен бағаланатын болады. Нәтижесінде, бір категориядағы лауазымдарға әртүрлі еңбекақы төленуі мүмкін. Бонустар кемінде төрт айлық жалақының мөлшерін құрайды және ол мемлекеттік қызметкердің түйінді нысаналы индикаторына қол жеткізуіне байланысты жылдың соңында беріледі.
А.Шаимованың іссапары Орал қаласының, Зеленов және Тасқала аудандарының ведомствалық мекемелерін аралаумен жалғасты. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың басшылары, персоналды басқару қызметінің өкілдері және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен кездесу өткізілді. Шарада мемлекеттік қызметшілерге ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізудің тәсілдері түсіндіріліп, бонустар мөлшеріне тікелей әсер ететін жеке жұмыс жоспарындағы түйінді нысаналы индикаторларды дұрыс анықтаудың маңыздылығы айтылды.
Агенттік төрағасы орынбасарының ведомствалық мекемелері бар мемлекеттік органдардың басшыларыменде кездесті. Әр басшымен әңгімелесу кезінде бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін бизнес-процесстерді оңтайландыру мен автоматтандыру, жекелеген функцияларды бәсекелестік ортаға беру немесе оларды топтастыру мәселелері талқыланды.
БҚО бойынша
МҚІСЖҚД-нің баспасөз хатшысы