21.11.2025, 15:15
Оқылды: 52

БҚО-ға Ұлттық экономика вице-министрі келді

Ол Атамекен өнерордасында азаматтармен кездесті.

IMG-20251121-WA0156

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Орал қаласына сапары барысында қала тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында “Ауыл аманаты”, “Дипломмен ауылға” жобаларының қаржыландырылуы туралы айтылды.
Биыл “Дипломмен ауылға” жобасы аясында қаржы кеш бөлінді, ол ауылға қажетті мамандардың уақытылы тартылмай қалу қаупін тудырмай ма деген сұрақ қойды қатысушылар.

IMG-20251121-WA0155

Бұдан бөлек шағын кәсіппен айналысып жүргендер “Ауыл аманаты” жобасы аясында да қаржы кеш түсетінін, әбден маусым аяқталғанда қаржы бөлінетінін айтты. Бұл шаруаларды шығынға ұшыратады деді кәсіпкер.

-Бұл бағдарламаларға қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал республикалық бюджеттің өзінің тәртібі бар. Қазір жаңа заң нормасы қарастырылып жатыр. Біз барлық мүмкіндікті қарастырамыз, - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев.

Кездесу барысында тұрғындар шекара маңындағы ауылдардың дамуы туралы да сұрақ қойды.

- Шекара маңындағы ауылдарға бөлек статус беру, тізбесін жасау мәселесін талқылап жатырмыз. Біз қазір мәжіліс депутаттарымен осы жобаны қолға алдық. Ол заң жобасында шекара маңындағы ауылдарға статус беру және бюджетін бекіту мәселесі де қаралады, - деп түсіндірді вице-министр Асан Дарбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале