Қазақ айтысының қара нары Жүрсін Ерман, жұбайы Бақытжамал Ерманова және айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан Жайық жағасына табан тіреді.
Қонақтарды «Атамекен» өнер ордасы директорының орынбасары Талғат Мықи бастаған ұжым мен Ақ Жайық ақындары ақ дәммен күтіп алды.
Айта кетейік, айтыстың абызы — Бауыржан Халиолланың «ЖҮРЕГІМДЕГІ ЖАЗУЛАР» атты халықпен жүздесу кешінің басты қонағы.
Кеш бүгін 19.00-де «Атамекен» өнер ордасында өтеді. Кіру тегін.
Айжан Амангелдина,
Орал қаласы