16.05.2018, 18:44
Оқылды: 35

БҚО ішкі саясат басқармасына жаңа басшы келді

88888Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов ішкі саясат басқармасының ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы тағайындалды.

Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы 1981 жылы туған. Білімі жоғары. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Әр жылдары:

- Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында жетекші, бас маман, бөлім басшысы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі инспектор;
- ҚР Мәдениет министрлігінің Қоғамдық саяси жұмыс департаментінде сарапшы (Астана қаласы);
- Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелрі басқармасында бас маман, бөлім басшысы;
- Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасында басшысының орынбасары;

Бүгінге дейін Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып істеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале