19.03.2025, 10:15
Оқылды: 498

БҚО: Қалдығайты өзенінің су деңгейі көтерілді

Қаратөбе ауданында Қалдығайты өзенінің су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе автожолының үстінен су өткен болатын. Қазіргі уақытта өзен суы өз арнасымен ағуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.

485019913_4008420442766727_7273105817720103430_n  Қазіргі уақытта ЖАО, төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметшілері, арнайы техникалар жұмылдырылды.

Департаменттің жанынан облыстық жедел штаб құрылып жедел желі тәулік бойы жұмыс жасауда.

БҚО ТЖ ақпараттық штаб

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале