Ал бұған дейін театрда күрделі жөндеу жүргізеді деген «Өркен сервис» ЖШС лицензиясы болмауына байланысты сот шешімімен жұмысын тоқтатқан.

Көрнекі фото сайт архивінен
-«Өркен сервис» ЖШС өзі жасаған жұмысының ғана ақшасын алды. Қазір қайтадан конкурс өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Театр әртістері қойылымды орыс драма театрында қойып жүр, - деді Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов.
Біз БҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығыметуллинге хабарласып театрға жөндеу қашан басталатынын анықтап көрдік.
- Бұрын жасалған сметалық жобаның мерзімі өтіп кетті. Қазақ драма театры тарихи жәдігерге жатады. Ондай кезде заң бойынша сметалық жоба жасалмайды. Ал ғылыми реставрациялық жоба жасалауы тиіс. Қазір ғылыми рестврациялық жобасы дайын. Енді алдағы күндері конкурс жариялаймыз. Біз театрға тек күрделі жөндеу жүргізуді ғана есептеп отырған жоқпыз. Қажетті құралдарын да қоса есептеп бір белгілі қаражатты шығаратын боламыз. Әзірге жобаның құны есептеліп жатыр, - деді БҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығыметуллин.
Жанат Көшкінбай,