9.11.2023, 12:00
Оқылды: 58

БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен аталмыш басқарма басшысының орынбасары лауазымына Медхат Мұсаұлы Қамбетов тағайындалды.

3e0d3402-32cd-40a0-a9b3-13d70090c6cb

Медхат Қамбетов 1974 жылы туған. Білімі жоғары.

Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

  • 1993-2003 жылдары Қаратөбе ауданы, Қалдығайты орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастап, кейін Орал қалалық №37 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • 2003-2008 жылдары Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты МКҚК-ның әдіскері және «Республикалық кәсіптік техникалық білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК облыстық филиалының әдіскері;
  • 2008-2009 жылдары «Соқпақ-Тропинка» журналының редакторы;
  • 2010-2014 жылдары Зеленов ауданы, Дарьинск ауылдық мәдениет үйінің директоры; Зеленов аудандық «Мәдени-демалыс орталығы» МКҚК директоры; Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы;
  • 2014 жылы БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, ЭМБ жұмыс бөлімінің басшысы;
  • 2014-2017 жылары БҚО «Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК директоры қызметтерін атқарды.

Ол күнге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы қызметін атқарды.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале