17.04.2017, 18:09
Оқылды: 23

БҚО қылмыстың ашылуы жағынан республика бойынша екінші орында

manarbekБұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында БҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғадуллин айтты.


- Өткен жылы қоғамдық орындарда жасалған 4045 қылмыс тіркеуге алынса, олардың 2269-ы көшелерде орын алған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда, қоғамдық орындардағы қылмыс 8,9 пайызға, көшелерде орын алған қылмыстар саны 10,7 пайызға кемігенін көрсетеді. Ал өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ағымдағы жылдың үш айында құқық бұзушылықтың жалпы саны 17,8 пайызға төмендеді. Соның ішінде адам тонау фактісі 31 пайызға азайып, ауырлығы орташа қылмыстың ашылуы 81,3 пайыз, ауыр қылмыстың ашылуы 96,9 пайызды құрап отыр. Осы көрсеткіштердің нәтижесінде біздің өңір қылмыстың ашылуы жағынан республика бойынша екінші орында тұр. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың ашылуы жағынан да өңіріміз алдыңғы шепте. Бұл тек полиция қызметкерлерінің ғана еңбегі емес, жергілікті басқарушы органдармен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп жасаған еңбегінің жемісі деп білемін,-деді Манарбек Серікқалиұлы.

Полиция қызметі бастығының мәліметтеріне сүйенсек, қоғамдық тәртіпті қадағалауға күніне 822 тәртіп сақшылары жұмылдырылады. Сонымен қатар күнделікті кезекшілікке 253 автокөлік шығарылса, соның 83-і жол сақшылары болып табылады. Оның сыртында қылмыс көптеп орын алатын облыс орталығындағы орындарда тоғыз станционарлы полиция бекеті, бес жылжымалы бекет тәулік бойына қоғамдық тәртіпті күзетеді.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале