26.05.2025, 17:30
Оқылды: 299

БҚО мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен БҚО мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Әлібек Сайынұлы Антазиев тағайындалды.

WhatsApp Image 2025-05-26 at 16.51.57

Әлібек Сайынұлы Антазиев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін “Аудармашы”, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін “Құрылысшы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:
* Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жоспарлау шарт бөлімінің бас маманы,
* Орал қаласының құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі,
* Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының тұрғын үй құрылысының мониторингі бөлімінің басшысы,
* Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы
•Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

Тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы қызметінде болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале