Денсаулық сақтау министрінің вице-министрі қазір Тасқала ауданында халықпен кездесу өткізіп жатыр.

Жиында Ардақ Амангелдіұлы халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстар туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында жасалған оталар мен емдік шаралар туралы айтуда.

Кездесу барысында вице-министр аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап береді және жеке қабылдау өткізеді деп күтіліп отыр.
Жанат Көшкінбай,