Пандемияға қарамастан БҚО-ның алдағы жылға жоспарланған бюджеті айтарлықтай өсті.
2021 жылғы облыс бюджеті 264,1 млрд.теңге көлемінде бекітілді. Бұл 2020 жылғы бюджеттен 17 млрд. теңгеге көп. Ал былтырғы бюджет көлемі 179,5 млрд.теңге болған еді.
Облыс бюджетінің өз кірісі 67,8 млрд. теңге. Оның ішінде 67,7 млрд.теңге салық түсімдері, 146,9 млн. теңге өзге түсімдер. Трансферттер түсімі 182,3 млрд.теңге (2020 жылы - 154 млрд. теңге, 2019 жылы – 114,5 млрд. теңге). Қарыздар 3,4 млрд. теңге көлемінде түседі деп қарастырылған. Сондай-ақ бюджет несиелерін жабу үшін аудандық, қалалық және арнайы мекемелерден 10,6 млрд. теңге түседі деп жобаланған. (2019 жылы – 5,8 млрд., 2020 жылы – 6,8 млрд. теңге).
2021 жылға арналған облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 237,4 млрд. тенге (2019 жылы – 148,2 млрд. теңге, 2020 жылы – 196,9 млрд. теңге), бюджеттің дамуы – 26,7 млрд. теңге (2019 жылы – 31,3 млрд. теңге, 2020 жылы – 50,2 млрд. теңге).
Облыстық бюджеттің негізгі бағыты – әлеуметтік салаларды дамыту. Инвестжобаларды іске асыруды қоса есептегенде 138,8 млрд. теңге немесе бюджет көлемінің 52,6 пайызы аталған бағытқа арналады. Соның ішінде 118 млрд. теңге білім беруге, 4,3 млрд. теңге денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмекке 10,5 млрд. теңге, мәдениет, спорт пен ақпарат салаларына 6 млрд. теңге қарастырылған.
Қорғаныс пен құқық қорғау саласына 6,4 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ветеринария мен жер қатынастарына 14 млрд. теңге бөлінбек. Кәсіпкерлікті қорғауға 3,9 млрд. теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға 22,7 млрд. теңге, транспорт инфраструктурасын дамытуға 5,7 млрд. теңге бағытталмақ. Облыстық бюджеттегі жергілікті атқарушы органдардың резерві - 900 млн. теңге.
zhaikpress.kz