БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР ҚАУЛЫСЫ 2021 жылғы 08 қаңтар № 1-ПГВр
Орал қаласы
«Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 21 қарашадағы №34-ПГВр қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ 78/2020 "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығының 2-тарауының 3, 4 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі-КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Барлық ойын-сауық нысандарының, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер мен кейтерингтік қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметтерін тоқтата тұру.
InfoKazakhstan.kz сайтында міндетті тіркелумен, бетперде режимін, шахмат тәртібі бойынша отырғызуды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысына (бұдан әрі - №67 ҚР БМСДҚ) 9-қосымшасының талаптарын сақтай отырып,20% аспайтын толтыруменкинотеатрлардың жұмысына рұқсат етіледі».
7-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:
- контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
- сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимін күшейту);
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беру;
- екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беру;»
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қоғамдық көліктің жұмысы (қарбалас уақытта автобустар санын арттыру, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру) ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып;»
12-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қаулысының (бұдан әрі - №68 ҚР БМСДҚ) 1-қосымшасында белгіленген тәртіппен әзірлікті бағалау Актісін алғаннан кейін нысандардың қызметін қайта бастау;»
12-тармақтың 7-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- InfoKazakhstan.kz сайтында нысанның паспортына үй-жайлардың келушілермен жоспарлы толтырылуы туралы мәліметтерді (ҚР БМСД №67 қаулысына қосымшаларда айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) кәсіпкерлік субъектінің енгізуін қамтамасыз етсін.»
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев
Келісу шешімдері
08.01.2021 17:21:24: Мустаев Н. Е.(Басшылық) - ескертпелерсіз келісілген
Қол қою шешімі
08.01.2021 18:34:24 Арыспаев М. К.. Қол қойылды