Осы күндері Оралда XXXIII маусым аясында Қазақстан Республикасы чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасының финалдық кезеңі аяқталды.
Финалдық кездесулер нәтижесінде “Жайық” волейбол клубы шешуші ойында Ақтөбе командасын 3:1 есебімен жеңіп, Ұлттық лиганың чемпионы атанды!
Осылайша, “Ақтөбе” (Ақтөбе облысы) екінші орынға ие болса, “Атырау” (Атырау облысы) үшінші орыннан көрінді.
Араға 27 жыл салып, “ЖАЙЫҚ” өз тарихындағы чемпиондық атағын қайта жаңғыртты! Бұған дейін 1998 жылы “Жайық-Конденсат” командасы ел чемпионы атанған болатын.
Бұл жеңіс – табандылықтың, қажырлы еңбектің және қайсар рухтың жемісі! Команда жанкүйерлердің зор қолдауын сезіне отырып, соңына дейін күресіп, мақсатына жетті.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Бекзат Қанәділ мен Азамат Ұзақов