Батыс Қазақстан облысының педагогтері білім бәсекесінде көш бастап, республикалық байқауда өңіріміздің мерейін үстем етті.

Рекордтық 16 мыңға жуық педагог қатысқан ауқымды байқаудың қорытындысы бойынша біздің 7 қатысушымыздың үшеуі бірдей 1 орын иеленіп, бір педагог жүлделі 3 орын иеленіп, енді бір қатысушымыз арнайы номинацияға лайық деп танылды. Бұл – БҚО үшін білім саласындағы үлкен жетістік.

Оқу сауаттылығы бағыты бойынша – Джумашева Гайша Мутиевна – БҚО, Орал қаласы, Эстетикалық бағыттағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі иеленді.⠀
Математикалық сауаттылық бағыты бойынша – Утегенова Айнур Туреахметовна – БҚО, Орал қаласы, №5 ЖОББ мектебінің математика пәні мұғалімі бірінші орынды жеңіп алды.
Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бағыты бойынша – Бижанова Гулбакит Тажихановна – БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі бірінші орынға лайық деп танылды.

Цифрлық сауаттылық бағыты бойынша – Рамазанова Динара Бакиткалиевна– БҚО, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №37 ЖОББ мектептің тарих пәні мұғалімі үшінші орынды жеңіп алды.

Экологиялық сауаттылық бағыты бойынша – Таушанова Айымгүл Қайырлықызы – БҚО, Казталов ауданы, Қарасу ЖОББ мектептің бастауыш сынып мұғалімі «YouTube желісінде кең таралған бейнематериалы үшін» номинациясына лайық деп танылды.

Байқаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін материалдарды сараптауға «Өрлеу» мамандарымен қатар TALDAU, British Council, ЮНЕСКО және Ұлттық банк өкілдері қатысты. Алғаш рет өтінімдер ppi.orleu.edu.kz онлайн-платформасы арқылы қабылданды.⠀

Осындай үлкен жеңіспен барша Батыс Қазақстан педагогтерін құттықтаймыз! Сіздердің біліктіліктеріңіз бен инновациялық идеяларыңыз үздік нәтижеге жеткізуде!

Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтармен қоса, І орын алған үш бірдей жеңімпазға «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Төрағасы А.Мұқашева Алматы қаласында орналасқан «Көктем» шипажайына жолдама табыстады.
Индира Бадакова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО бойынша КДИ»
филиалының баспасөз хатшысы