1.09.2023, 19:33
Оқылды: 104

БҚО Полиция департаменті оқушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады

Бүгін қаладағы №1 жалпы білім беретін мектебіне БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев барып, балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

2D406470-0B94-4CFE-A4DC-190555D0B236

Департамент басшысы оқушыларға сәттілік тілей отырып, құқық бұзушылықтарға жол бермей, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Жыл басынан бастап облыс аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 75 қылмыс тіркелді. Қауіпсіздікті және құқықбұзушылықты алдын-алу мақсатында облысымыздағы мектептерде «Көмек Стоп Буллинг» платформасы және де «Дабыл түймесі» орнатылған. Егер де орын алған жағдай бойынша тікелей айта алмасаңыз «анонимді» түрде бізге хабарласуыңызға болады. Қазіргі уақыттағы тағы да бір мәселе – бұл балалардың жол-көлік оқиғаларына жиі ұшырауы. Атап айтқанда, ағымдағы жылы олардың қатысуымен 46 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, өкінішке орай 2 бала қаза тауып, 50 бала дене жарақатын алды, - деді полиция полковнигі Арман Молдиярұлы.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде 30 тамыздан бастап скутерлерді басқару бойынша заңның күшіне енгенін айтып, осы көлік түрін қолдануда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде ескертті.

33DE717A-15D2-4604-99D9-AFFE2000A5CD

Сонымен қатар Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Жалғасов Нұрмахан Тоғайбайұлы «Жоғары аграрлық-техникалық колледж» студенттерімен кездесті. Ол сөз арасында жастарға өздерін және мүлкін маусымдық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардан қорғау туралы айтты, сондай-ақ тәртіп сақшылары тарапынан жүргізіліп жатқан түрлі шаралар мен полиция жұмысының сервистік моделі қызметтері жөнінде ақпарат беріп, кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді.

Жалпы балалардың қауіпсіздігі әрқашан басты назарда және оқу жылының басталуына орай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп балалардың қауіпсіздігі бағытында шаралар қабылданып жатыр. Осыған сәйкес полиция қызметі күшейтілген кестеге көшіріліп, 1 қыркүйек – Білім күні барлық оқу ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 543 қызметкер және 146 автокөлік жұмылдырылды.

Жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап, күнделікті мектеп алдындағы жол өткелдерінде балалар травматизмінің алдын алу мақсатында таңертең, түскі және кешкі уақытта ювеналды және патрульдік полиция инспекторлары қызмет атқаратын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале