ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен облыстық полиция департаменті бастығы болып Оразалиев Арман Молдиярұлы тағайындалды.
Бүгін БҚО әкімдігінде өткен актив жиынында облыс әкімі Нариман Төреғалиев департаменттің жаңа басшысын облыс активіне таныстырды.
Арман Оразалиев Молдиярұлы 1975 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Заң ғылымдарының кандидаты.
Алғашқы еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысында бастаған.
Көп жылдар тергеу басқармаларында еңбек еткен.
Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында, Павлодар облысында, Жамбыл облысында полиция департаменттерін басқарған.
Аса ауыр қылмыстарды ашуда көрсеткен ерен ерлігі үшін осы жылдың 5-і мамыры күні «Айбын» орденімен марапатталған.
zhaikpress.kz