Облысымыздың бірқатар ауданында қардың қарқынды еруі және бірнеше күн жауған жауын-шашын салдарынан су тасып жатыр. Осыған байланысты төтенше жағдай бағытында арнайы штаб құрылды.
Әсіресе, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Бөрлі аудандарында адамдарды құтқару, эвакуация және оларды арнайы эвакуациялау пунктеріне жеткізу, суда қалған малды алып шығу бағытында жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері эвакуацияланған елде мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын жүргізуде.
Бұл туралы БҚО ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір уақытта облымысызда 28 бағыттағы жолдар жабылды, оның 18 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 14 жергілікті маңызы бар автожол. Салдарынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері стационарлық бекеттер орнатылды. Ақтөбе облысы Қобда ауданын су басуына байланысты Самара -Шымкент республикалық маңызы бар тасжолында қозғалыс шектелді. (Жаңаөмір ауылынан – Ақтөбе облысының шекарасына дейін)
Жалпы су тасқынынан қорғау жұмысына 64 полиция қызметкері мен 33 техника жұмылдырылған.
Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс департамент басшылығының тікелей бақылауында тұр.
Фото: БҚО ПД-ның баспасөз қызметінен
zhaikpress.kz