Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау барысында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс инвесторларымен тұрақты кездесулер өткізеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды.

Сурет: gov.kz
Жұмыс барысында «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС-ның инвестициялық жобаның орналасқан жеріне теміржол желісін өткізу мәселесіне тап болғаны анықталды.
Құзыретті мемлекеттік орган инвестор көтерген проблемалық мәселені қаржыландырудың болмауына байланысты негізсіз кейінге қалдырып отырған. Осыған байланысты облыстық прокуратура Фронт-офис отырысын ұйымдастырып, онда Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы темір жол желісін салу бойынша шешім қабылдады. Қазіргі уақытта мемлекет қаражаты есебінен 1,120 млрд теңге көлемінде теміржол желісін сұралған аумаққа өткізу жұмыстары аяқталды.
Бүгінгі таңда инвестор «Метанолды өндіруге арналған газ-химиялық кешенін салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.