4.04.2025, 15:00
Оқылды: 74

БҚО прокуратурасы заңсыз мемлекеттік сатып алудың күшін жойды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасымен мемлекеттік сатып алулардың заңдылығын тексеру барысында «Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК баға ұсыныстарын сұрау әдісін қолдана отырып, ғимаратты жөндеуге 5,3 миллион теңгеге сатып алуды жүзеге асырғаны және жеңімпазды анықтағаны белгілі болды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды. 

прокурор1

Сурет:  сайт архивінен

Сатып алуды ұйымдастырушы құрылыс материалдарының белгілі бір брендтерін заңсыз көрсетіп, тауарларды сатып алуға интернет-дүкенге сілтеме жасағаны анықталды, осылайша жеткізушіге заңсыз талаптар қойылды.

Қадағалау актісіне сәйкес сатып алу нәтижелері заңсыз деп танылып, күші жойылды, ал кәсіпорын директоры Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 207-бабының 1-бөліміне (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын бұзу) сәйкес 98 300 теңге көлеміндегі айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале