20.01.2025, 12:00
Оқылды: 83

БҚО прокуратурасының араласуынан кейін отбасылық бұзақы қамалды

2024 жылғы 30 қазанда Қаратөбе аудандық соты облыс тұрғынына отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттері үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, тұрғын үйде жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса) ескерту жариялады. Бұл туралы БҚО прокуратурасы ресми парақшасында хабарлады.

46b4cf8d633b41240df17c99be2493d3_1280x720

Сурет: gov.kz

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының прокуратурасы сот актісінің заңдылығын зерделеу барысында істі қарау кезінде аталған тұрғынның отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылықты қайталап жасау фактісі сотпен ескерілмегенін анықтады.

Аудандық прокуратура сот қаулысына апелляциялық өтінішхат келтіріп, қорытындысы бойынша заңсыз сот актісінің  күші жойылды.

Нәтижесінде 2024 жылдың 11 желтоқсанында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқықбұзушылықты жасағаны үшін облыс тұрғыны Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы қолданылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале