5.01.2025, 19:00
Оқылды: 102

БҚО санитариялық-эпдемиологиялық бақылау департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпдемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымына Динара Жанабергенова тағайындалды.

photo-output
Жаңа басшыны ұжымға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті төрағасының орынбасары М.Рақымжанова таныстырып, алдағы уақытта қызметіне сәттілік тіледі, - деп хабарлады БҚО СЭБД баспасөз маманы.
Динара Олжабайқызы Д. Жанабергенова 1979 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Жалағаш аудандық СЭС-ның еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігері болып бастаған.
2005-2010 жылдары Жалағаш аудандық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында Эпидқадағалау бөлімінің бастығы;
2010-2012 жылдары Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Тағам нысандарын сангигқадағалау бөлімінің бас маманы;
2012-2017 жылдары Сырдария аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы;
2017-2020 жылдары Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Тамақтану объектілеріндегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы;
2020 Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы;
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2021-2024 жылдары Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

Кенжегүл Мухитова,
Батыс Қазақстан облысының
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаментінің баспасөз маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале