10.12.2025, 21:00
Оқылды: 6

БҚО шаңғышылары IV республикалық ауыл жасөспірімдерінің қысқы спорт ойындарында жарқырады

Щучинск қаласында бастау алған IV республикалық ауыл жасөспірімдерінің қысқы спорт ойындарының шаңғы жарысы бағдарламасы Батыс Қазақстан облысының спортшылары үшін табысты басталды. Өңір командасы бірнеше алтын және қола медальдарды жеңіп алды.

cdb4f0d0-0ec0-4cfa-aa73-40f1fc87e63a

Жарыс барысында алдымен кіші жасөспірімдер арасындағы сында Әлішер Мәліков қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, алтын медальді жеңіп алды. Осы санатта өнер көрсеткен Андрей Пирог та үздіктер қатарынан көрініп, қола жүлдегер атанды.
Кейінірек үлкен жасөспірім қыздар сынында Жанерке Тудахунова өзінің шеберлігін көрсетіп, алдына жан салмады. Ол IV ауыл балаларының қысқы ойындарының чемпионы атанып, облыс қоржынына тағы бір алтынды салды.

430b3225-7981-4ff4-9f71-b9c2d5894e81
Сонымен қатар, орта жасөспірім қыздар арасындағы бәсекеде Анастасия Соколова жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, алтын медальді иеленді. Осы санатта Лейла Мукатова қола жүлдегер атанды.
БҚО спортшыларының бұл тамаша нәтижелері олардың жоғары дайындығы мен жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетті. Алдағы жарыстарда да жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

Түгелбай Бисен
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале