БҚО ауыл шаруашылығы мамандары Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы І аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысып, қаладағы әріптестерімен тәжірибе алмасты, деп хабарлады БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы.
Форумның мақсаты екі ел өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету. Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге БҚО-дан «Кублей» және «Белес-Агро» кәсіпорындары өнімдерін қойды.
Көрме жұмысымен танысуға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қатысты.
Форум соңында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін меморандумға қол қойылды.
Облыстан барған ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруашылық иелері Сайрам ауданында орналасқан сыйымдылығы 10 000 бас малға арналған жаңа мал базары, мал бордақылау алаңдары, сондай-ақ мал сою пунктімен танысып, тәжірибе алмасып келді.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!