8.04.2024, 10:00
Оқылды: 63

БҚО су тасқыны: 185 бала республикалық лагерьлерге демалысқа барады

Бұл туралы БҚО білім басқармасының баспасөз қызметкері хабарлады. 

Бүгінгі таңда жалпы республика бойынша су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларын демалыс лагерьлеріне жіберіп жатыр. Осы үрдістен біздің облыс та қалыс қалмай 185 балаға қуаныш сыйлап отыр.

ЖП балалар

- Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 185 баласы Республикалық лагерьлерде сауықтырылады. 70 бала 10-24 сәуір күндері Алматы облысының Тау Жанашар сауықтыру лагерінде, 13 бала 10-30 сәуір күндері Алматыдағы Бөбек сауықтыру орталығында 21 күн демалады.
Бұдан басқа 102 бала 17-26 сәуір күндері Қызылорда облысының Камбаш сауықтыру орталығында 10 күн демалады.
185 баланың 10-ы Бөрлі ауданынан, 48-і Қаратөбе ауданынан, 32-сі Сырым ауданынан, 60-ы Теректі ауданынан, 35-і Орал қаласынан, - деді БҚО білім басқармасының баспасөз хатшысы Үміт Жәңгірова.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале