19.04.2024, 15:03
Оқылды: 167

БҚО су тасқыны: қоғамдық штаб өкілдерімен кездесті

"Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов құрамында қоғамдық пікір көшбасшылары, депутаттар, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері, бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары, дін қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар облыстық Қоғамдық штаб өкілдерімен кездесті.

WhatsApp Image 2024-04-19 at 14.25.03

Кездесу барысында қоғамдық штаб мүшелерінің су тасқынынан зардап шеккендер, оның ішінде эвакуациялық пункттерінде уақытша тұрып жатқан адамдармен кездесуде көтерілген мәселелердің шешу жолдары, сондай-ақ қоғамдық штабтар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Жалпы, облыста су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы іс-қимылдарды үйлестіру және тиімді коммуникациялар үшін облыстық деңгейде тұрақты жұмыс істейтін 10 Қоғамдық штаб құрылды, оның 4-еуі Орал қаласында, Бәйтерек, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарында 1 штабтан.

Ақпараттық штаб

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале