Бүгін әлеуметтік желіде Тасқала ауданы, Атамекен ауылы тұсында ауыл тұрғындары белгісіз затты анықтағаны туралы хабарлама тарады.
Желіде тараған ақпаратта дронға ұқсайтын құрылғыны анықтау үшін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлер және төтеншеліктер аттанды деп жазылған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі Тасқала ауданы маңынан дронға ұқсас құрылғының табылғанын растады.
Қазір ұшқышсыз ұшатын ұшаққа ұқсас құрылғыны анықтау мақсатында тексеріс басталды.
zhaikpress.kz