20.05.2022, 21:33
Оқылды: 61

БҚО тұрғындары назарына!

Орал қаласының тұрғындары үшін Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша 2022 жылғы 5 маусымға белгіленген республикалық референдум туралы ақпарат беретін бірыңғай Call-орталық іске қосылды.IMG-20220520-WA0084

Call-орталық халықты ақпараттандыру және қала тұрғындарына референдум мәселелері бойынша кеңестер беру әрі дауыс беру процесіне тарту үшін құрылған.

Бірыңғай Саll орталыққа +7(7112) 50-02-55 немесе +7(7112) 51-09-37 телефоны бойынша хабарласып, өзіңізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз учаскеңіздің нөмірі мен мекенжайын нақтылауға болады.

Қоңырау шалу барысында Call-орталықтың операторлары азаматтардың мүмкіндіктеріне, дауыс беру рәсімдеріне және референдум күніндегі учаскелердің жұмысына қатысты барлық заңнамалық нормаларды түсіндіреді.

Call-орталық қоңырауларды дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 18-30-ға дейін қабылдайды.

Сонымен қатар мәліметті 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады. Бұдан бөлек, аталған бағытта WhatsApp желісі (+7 700 010 91 09), Орал қаласы әкімдігінің сайты (uralsk.gov.kz), Smart Uralsk мобильдік қосымшасы және Telegram-бот (@BQO_referendum_bot) жұмыс жасайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале