25 қазанда «Hyundai Zhayik» автосалонында мамандандырылған бөлім секторы жұмыс істей бастады. Енді БҚО тұрғындары автокөлік сатып аларда оны бірден өз атына тіркей алады.
«Біз үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуы - басты міндеттердің бірі саналады. Сондықтан да қазіргі уақытта автокөлікті eGov порталы, екінші деңгейлі банктер қосымшалары арқылы тіркеуге мүмкіндік қарастырылған. Енді су жаңа автокөлігіңізді мамандандырылған бөлімге бармай-ақ тіркеуге болады», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы БҚО филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Автокөлікті сатып алғаннан кейін сектор маманы көлікті есепке алу үшін құжаттарды қабылдайды, кейін бірнеше сағатта мемлекеттік нөмір мен дайын техпаспорт курьер арқылы жеткізіліп, иесіне берілетін болады. «Trade-in» бағдарламасы арқылы да рәсімделетін автокөліктерді де есепке алу жүргізіледі.
«Hyundai Zhayik» автосалоны Орал қаласы, Жамбыл көшесі 253 В мекенжайында орналасқан.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
БҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметі