22.01.2025, 11:30
Оқылды: 22

БҚО тұрғындары жыл басталғалы 43 млн теңгесін алаяқтарға санап берген

Интернет алаяқтарымен толыққанды күресу үшін БҚО-да Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы құрылды. Бұл басқарма БҚО Полиция департаментіне қарайды.

Полиция ЖП

Сурет: сайт архивінен

2025 жылдың 20 күні ғана өтті. Соған қарамастан облыс тұрғындары алаяқтарға 43 млн теңге ақшасын санап берген.
Полиция өкілдері сақтық шараларын қанша ескертсе де әзірге тұрғындарға сабақ болмай отырғаны өкінішті.
-2025 жылдың тек 20 күні өтті. Біздің облыс тұрғындарына алаяқтар келтірген шығын 43 млн теңгені құрайды. Жыл басталғалы интернет алаяқтарына қатысты 30 қылмыстық іс тіркелді. Ал былтыр 469 қылмыстық іс тіркеліп, 100-ден астам істі аштық. 579 дропердің есеп шоттары бұғатталды. Дропперлерден сот арқылы 88 млн теңге өндірілді. Біз тұрғындарға алаяқтарға алданып қалған жағдайда шұғыл түрде полицияға хабарласуын сұраймыз. Біз сонда ақша түскен есепшотты бұғаттап үлгереміз,-деп атап өтті БҚО ПД Кибер қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Олжас Шуйиншалиев.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале