Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.
12 ақпанда сағат 20:30 шамасында 1987 жылғы «Б» есімді тұрғын 4 жасар ұлына пышақ сұғып алады. Кеуде тұсынан жарақат алған бүлдіршін облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген. 17 ақпанда ауруханадан шыққан бала Орал қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді.
Аталған іс бойынша ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
zhaikpress.kz