Қарашаның 10 күні БҚО ПД Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері шекара қызметімен бірселе отырып шекара бекетінде киік мүйізін алып өтпекші болған 1972 жылғы Орал қаласының тұрғынын ұстады.
«Крайслер» автокөлігін тексеру кезінде екі чемоданға салынған 348 дана киік мүйізі табылды.
ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
БҚО ПД баспасөз қызметі